Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Украинада қалған қазақстандықтар үшін тағы бір рейс ұйымдастырылады
25 наурызда Катовице қаласынан (Польша) гуманитарлық борттың сапары жоспарланып отыр. Ұшақпен Қазақстан азаматтарынан құралған топты эвакуациялау ескерілген.
11:13 23.03.2022
«Аталған бортпен ұшу үшін 24 наурызға дейін Львов қаласына немесе 25 наурызға дейін өз күштеріңізбен Катовицеге келулеріңіз керек. Катовицеде тұратын орынмен қамтамасыз етілуі мүмкін. Осы рейспен ұшқысы келетіндер құжат (төлқұжат, баланың туу туралы куәлігі, неке туралы куәлік) көшірмелерін осы нөмірге +380673470408 (WhatsApp) жолдауы тиіс. Жүк бойынша нормалар стандартты әуе сапары талаптарына сәйкес болады. Осы бортпен шығатындар үшін карантин талаптарына қатысты жеңілдіктер болады, яғни жақында өткен ПТР-тест сұралмайды», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Украинада қалған қазақстандықтар мінген алтыншы рейс Польшадан Қазақстанға ұшып келген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram