Тайвань жағалауында қуатты жер сілкінісі болды
Тайвань жағалауында магнитудасы 6,6 болған қуатты жер сілкінісі тіркелді.
12:28 23.03.2022
Сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 01:41-де Тайваньның шығыс жағалауында магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болды.
Оның ошағы 20 шақырым тереңдікте жатқан. Жерасты дүмпулер эпицентрінің координаталары 23,45 градус солтүстік ендік және 121,55 градус шығыс бойлық.
Жер сілкінісі магнитудасы 5,7-ге дейін жететін көптеген афтер дүмпулермен қатар жүрді.
Соңғы рет 4,3 балл болған жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 05:41-де тіркелген. Оның ошағы 15 шақырым тереңдікте жатты.
Жергілікті БАҚ цунами қаупі туралы хабарлаған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!