{metadescription}
Нұр-Сұлтанда қала маңына қатынайтын төрт автобус тоқтады

Нұр-Сұлтанда қала маңына қатынайтын төрт автобус тоқтады

Ауа райының нашарлауына байланысты астана маңына қатынайтын кей автобустар жүрмей қалды.

IKomek жедел қызметі таратқан мәліметке сенсек, қала маңына қатынайтын № 308, 309, 312, 317 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылған.

Басқа маршруттар линияда жүр. Айта кетейік, кеше күндіз қала маңына жолаушы тасымалдайтын № 315, 316 автобустары да жүрмей қалған болатын.

Еске сала кетейік, кешеден бері елорда мен Ақмола облысында боран соғып тұр. 

Осыған байланысты бүгін 12.30-дан бастап астанадан Щучинскіге және Павлодар облысына баратын жолдар жабылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде