{metadescription}
Көлік Жапония СІМ ғимаратына соғылды
Сәрсенбі күні белгісіз ер адам көлігімен Токиодағы Жапонияның Сыртқы істер министрлігінің аумағына кірген бетте департамент ғимаратына соғылған.
09:38 31.03.2022
Оқиға орнында полиция қызметкерлері Сыртқы істер министрлігіне біраз ақпаратты жеткізгісі келетінін айтып айғайлаған жүргізушіні ұстады.
Полицейлер бұл келеңсіз жағдайдың мән-жайын анықтауға кірісті. Әзірге оқыс оқиғадан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!