Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырау облысында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді
10:10 31.03.2022
30 наурыз күні сағат 22.00-де Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында еріген судың (қардың еруі) салдарынан Сағыз станциясы арқылы өтетін Ноғайты өзенінде су тасқыны болды. Су деңгейі шамамен 3 м көтерілді.
Ноғайты өзені Ақтөбе облысынан Атырау облысы Сағыз ауылына ағып, Қоңырсай өзеніне құйылады. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (18 қызметкері), Жергілікті атқарушы органның (25 қызметкері), жергілікті тұрғындар (100 адам), Аудандық полиция бөлімінің (2 қызметкер 2 бірлік техника), "Шанхай контракшн" ЖШС (3 қызметкер 1 тиегіш), "Адай" ЖК (3 қызметкер 1 тиегіш), ЖК "Ерболат" (1 қызметкер 1 тиегіш) және ҚТЖ (30 қызметкер) күштерімен тұрғындарды жергілікті мектепке, колледжге эвакуациялау және құм үйіндісі бойынша нығайту жұмыстары жүргізілді.
Эвакуацияланған тұрғындар саны 50 адам (оның ішінде 23 бала) су астында қалуы мүмкін деген 24 жеке тұрғын үйден ағайын туыстарына орналастырылды. 31 наурыз сағат 09.00-де су деңгейі төмендеді. Сағат 03.30-да эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне оралды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram