{metadescription}
Баланы 1-сыныпқа қабылдауға қандай құжаттар керек

Баланы 1-сыныпқа қабылдауға қандай құжаттар керек

Алматыда бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады.

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.

«Ата-аналар мектепті алдын ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді. Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі», - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады.

Қажетті құжаттар тізімі:

- Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);

- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

- «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

- 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

- 3х4 көлеміндегі 2 фото.

Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.