Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанайда жоғалып кеткен жасөспірім өлі табылды
Қостанайда полицейлер 26 наурыздан бері іздеуде болған жасөспірімнің денесін тапты.
16:03 31.03.2022
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, полиция мен құтқарушылардың бірлескен күшімен жоғалып кеткен 16 жастағы Сергей Лукьяновтың денесі өзен түбінен табылды.
Іздеу жұмыстарына сүңгуірлер қосылды, олар өзен түбін тексерген кезде жасөспірімнің денесін тапты. Қазіргі уақытта басталған сотқа дейінгі тергеу аясында сараптамалар тағайындалды.Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Бұған дейін хабарланғандай, баланың заттары Тобыл өзенінің жағасынан, Корей көпірі маңынан табылған.
Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram