{metadescription}
Қостанай облысында өрттен үш бала қаза тапты

Қостанай облысында өрттен үш бала қаза тапты

Амангелді ауылында 2 пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты.

Нәтижесінде үш бала қайтыс болды. Өрт кезінде ата-анасы жұмыста болған.

31 наурыз күні сағат 10:58-де Амангелді ауылында 2 пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты.

«Үйде алты адамды құрайтын көп балалы отбасы тұрған. Ата-анасы 1983 және 1994 жылы туғандар, одан бөлек төрт кішкентай баласы болған. Үлкен ұлы 8 жаста. Өрт сөндірушілер келгенге дейін көршілері төрт баланы да көшеге шығарып үлгерген, себебі олар үйде жалғыз болған», - деді Қостанай облысы ТЖД.

Шенеуніктердің айтуынша, өрт кезінде ата-анасы жұмыста болған.

«Сағат 10:55-те Амангелді орталық аудандық ауруханасының қызметкерлері 2016, 2019 және 2020 жылы туған үш баланың қайтыс болғанын хабарлады», - деді Қостанай облысы ТЖД.

Құтқарушылар өртті 11:32-де анықтады, 11:44-те өрт ауыздықталды.

Төтенше жағдайды жоюға төрт қызметкер мен бір техника қатысты.

Өрттің себебін анықтау үшін Амангелді ауданына Төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу және сынақ өрт зертханасының мамандары жіберілді.

Дереккөз: Zakon.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.