Елбасы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды elbasy.kz сайты.
12:04 02.04.2022
«Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша орын алатын бұл ай исламның ең басты құндылықтары – жақсылық пен мейірімділікті, сабыр мен имандылықты дәріптейді. Бұл идеялар діні мен ұлтына қарамастан тұтас халқымыздың бірлігін бекемдей түсері сөзсіз. Қасиетті Рамазан айында сіздерге зор денсаулық, рухани күш-қуат, бақ-береке тілеймін!», - делінген құттықтауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары