{metadescription}
Қазақстан Украинадан дәрі-дәрмек сатып алмайды

Қазақстан Украинадан дәрі-дәрмек сатып алмайды

Украинамен біржақты тәртіпте келісімдерді бұзып жатырмыз. Ғиният дәрі-дәрмек туралы айтты

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілістің жалпы отырысында айтты.

«Украинаға келетін болсақ, 1,6 пайыз және дәрі препаратының 25 түрі Украинадан жеткізіледі. Жыл басында украиналық жеткізушілер аталған көлемнің 40-60 пайызын жеткізді. Бүгінгі таңда зауыттар жабық. Біз біржақты тәртіпте келісімдерді бұзып жатырмыз. Қазір сол қалған көлемге конкурс өткізіп жатырмыз. 1 шілдеге дейін бұл конкурстарды аяқтап, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеміз», - деді ол. 

Министр атағандай, индексация мәселесі туралы да айтып өтті. 

«Үкімет отырысында әлеуметтік-экономикалық дамудың болжауы айтылды. Қазір біз дәрі-дәрмектің шекті бағасының индексациясын қарап жатырмыз. «Фармация-СҚ» бойынша 4 хаб бар. Ал өңірлерде жедел шағын хабтар бар. Оның логистикасы толық жүйелі түрде жұмыс істеп тұр», - деді Ғиният. 

Дереккөз: baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде