Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған қызметкерлердің отбасына пәтер қашан беріледі?
Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан күш құрылымдары қызметкерлерінің отбасына пәтер беріледі.
Фото: ©REUTERS
13:09 06.04.2022
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, мәселе 26 сәуірге дейін шешіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Тоғжанов тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі үкіметтің ерекше бақылауында екенін айтты.
"Қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде күш құрылымдарының 19 қызметкерінен, оның ішінде шекара академиясының үш курсантынан айырылғанымыз баршаға аян. Бүгінде нақты шешім бар, 13 мәселе шешілді, баспанамен қамтамасыз етілді. Қалған алтауына, оның ішінде курсанттарға қатысты өңір әкімдерімен жеке сөйлестім. Мәселе 26 сәуірге дейін шешіледі", - деді премьер-министрдің орынбасары Мәжіліс отырысында.
Бұған дейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қаза тапқан полицейлер мен Ұлттық ұлан қызметкерлерінің отбасына өтемақы төленетінін айтқан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!