Доллар арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
Фото: ©REUTERS
16:37 06.04.2022
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1 теңгеге арзандады. 1 доллар 462, 22 теңге болды.
Ұлттық банктің 6 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 462, 91 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 464, 57 теңге, сатып алу – 467, 28 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 465 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 467 теңге.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!