Павлодар облысында Ресей азаматтығын алған зейнеткер елден қуылды
71 жастағы ер адам Қазақстан азаматы бола тұра Ресей Федерациясы азаматтығын алып, заңнамада белгіленген мерзім ішінде шетел азаматтығын алғанын айтпаған.
09:24 07.04.2022
Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Наурыз айының 29-ы күні 71 жастағы ер адам Қазақстан Республикасы азаматы бола тұра, Ресей Федерациясы азаматтығын алып, заңнамада белгіленген мерзім ішінде шетел азаматтығын алғанын хабарламаған. Ер адамның атына ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды. Сот материалды қарап, шетел азаматын ел шекару жөнінде шешім қабылдады», – деді Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығы Ермек Әлжанов.
Айта кетейік, ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігіне сәйкес ел азаматы шетелдік азаматтықты алу туралы фактіні Қазақстан заңнамасында белгіленген мерзімде хабарламаса 200 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе Қазақстан Республикасы шекарасынан шығарылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары