Павлодарда фармацевтің қателігінен бала антидепрессанттан уланды
Павлодарлық әйелге фармацевт қателесіп, дәрігер тағайындаған дәрінің орнын басқа дәрі сатқан. Оны әйел адам баласына ішкізген, бала уланып, ауруханаға түсті.
10:22 07.04.2022
«Лермонтов көшесіндегі дәріханалардың бірінде қала тұрғыны 2019 жылы туған балаға дәрігердің рецепті бойынша дәрі сатып алған. Дәрі қабылдағаннан кейін кәмелетке толмаған баланың денсаулық жағдайы нашарлаған», - деп хабарлады журналистерге Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Анасы дереу жедел жәрдем шақырған. Бала ауруханаға антидепрессанттармен улану диагнозымен түсті.
«Анықталғандай, фармацевт қателесіп, дәрігердің тағайындауынан басқа дәріні сатқан», - дейді полиция.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабы «Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!