Талғардағы орталық базар өртенді
Алматы облысының Талғар қаласында базар өртеніп, үш сағаттың ішінде толықтай сөндірілді.
12:11 07.04.2022
Жалын 900 шаршы метр жерді шарпыған.
«Әйтеке би көшесі бойында орналасқан әмбебап базар аумағында сауда нүктелері (контейнер түріндегі) жанып жатқаны туралы хабарлама 7 сәуір күні түнгі сағат 2:00-де келіп түсті. Дереу өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Жалын сағат 03:51-де ауыздықталып, сағат 05:00-де толық сөндірілді. 900 шаршы метр жерді шарпыған. Қаза тапқандар жоқ», - делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның хабарлауынша, өртке қарсы қызметтің жедел іс-қимылдары нәтижесінде жалынның базардың барлық аумағына таралуына жол берілген жоқ. Ал әмбебап базардың жалпы ауданы - 8330 ш.м.
Өрт сөндіруге облыстық ТЖД-ның 25 қызметкері мен 8 техникасы, Алматы қаласы ТЖД-ның 6 қызметкері мен 2 техникасы, сондай-ақ полиция өкілдері, жедел жәрдем бригадалары және басқа да өзара іс-қимыл қызметтері қатысты.
«Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД Өрт сынақ зертханасы жіберілді», - деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!