{metadescription}
Талғар ауданы әкімінің орынбасарына қатысты тергеу ісі басталды

Талғар ауданы әкімінің орынбасарына қатысты тергеу ісі басталды

Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасарына қатысты қызметтік тергеу басталды.

Talgarnews.kz басылымының жазуынша, ақпаратты аудан әкімдігі де растаған.

Шығарылған бұйрыққа сәйкес Барлық Төреханов тергеу жұмыстары аяқталғанша қызметінен босатылды

«Тергеу ісінің басталуына әкім орынбасарының қаңтар оқиғасы кезінде аудан бойынша кезекші ретіндегі жауапты жұмыс орнын тастап кетуі себеп болды», - деді әкімдік өкілдері.

Барлық Төреханов Алматыға жақын орналасқан Тұздыбастау, Бесқайнар және Бесағаш ауылдық округтеріне жауапты болған.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.