{metadescription}
Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
Президенттің Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Фото: gov.kz
17:06 07.04.2022
«Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылсын», - делінген Президент жарлығында.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!