{metadescription}
4 өңірдегі мұғалімдердің жалақысы 790 мың теңгеге дейін өседі

4 өңірдегі мұғалімдердің жалақысы 790 мың теңгеге дейін өседі

Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстарына басқа өңірлерден баратын мұғалімдер екі есе жоғары жалақы алады.

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

Бүгін палата отырысында депутат Жәмилә Нұрманбетова мұғалімдердің жетіспеушілігі мен білім беру сапасында үлкен алшақтық бар өңірлерді қолдау мақсатында үздік педагогтерді тартуға қатысты әлеуметтік қолдау шараларының тиісті топтамасымен әзірленген арнайы бағдарлама бар екенін еске салды.

«Оны іске асыру үшін нақтыланған республикалық бюджет жобасында Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстарына екі мыңға жуық педагогті тарту үшін 3,9 млрд теңге көзделген. Бұл ретте аталған қаражатта лауазымдық жалақыға 150 пайыз мөлшерінде жалақыға ынталандыру үстемақысын белгілеуге ғана арналған шығыстар жоспарланған. Біз әлеуметтік қолдауға бағытталған басқа шығыстарды көрмей отырмыз. Осыған байланысты бақа елді мекендерден көшіп келген мұғалімдер үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін қоса алғанда, әлеуметтік топтама қандай болады?», - деп сұрады депутат.

Өз кезегінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұл бағдарлама биыл қыркүйек айынан басталатынын айтты.

«Осы қарастырылып отырған 3,9 млрд теңге екі мәселені де қамтып отыр. Біріншіден, мұғалімдердің екі есе жалақы алуы және бұған қоса тұрғын үй жалдау мен коммуналдық шығындарды төлеу ескерілген. Неге біз бұл мәселені жалақының ішінде қарастырып отырмыз? Біздің заңнамаға сәйкес, тұрғын үй жалдау мен коммуналдық төлемақыны тек жергілікті бюджеттен бере аламыз. Сондықтан жергілікті бюджетке ауырпалықты түсірмес үшін және заңнаманы бұзбау үшін бұл мәселені жалақы арқылы шешіп отырмыз. Мәселен, Мұнайлы ауданына көшіп баратын мұғалім қыркүйек айында жалақы алатын болса, онда оның жалақысы 790 мың теңгеге жуық болады. Сол 790 мыңның 140 мыңға жуығы коммуналдық шығындар болады, ал 650 мың теңгеге жуығы - мұғалімнің өз жалақысы», - деді министр.

Бұл тұрғыла ол ведомствоның бұйрығында және мұғалімнің алған түбіртегінде осы мәселе жазылатынын атап өтті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде