{metadescription}
Елбасының КТК телеарнасының акцияларын сатып алғаны туралы ақпарат жалған

Елбасының КТК телеарнасының акцияларын сатып алғаны туралы ақпарат жалған

«Коммерциялық телевизииялық арна» акционерлік қоғамының КТК телеарнасының акцияларын сатып алу туралы жарияланымдарға қатысты ресми мәлімдемесі.

Бірқатар қазақстандық басылымдар Нұрсұлтан Назарбаевтың КТК телеарнасының акцияларын сатып алғаны туралы ақпарат жариялады.

Тұңғыш Президенттің акцияларды сатып алғаны туралы ақпараттың жаңсақ екенін мәлімдейміз.

КТК телеарнасы расында 2022 жылғы 14 наурызда өз акционерлері арасында бір данасы 500 теңге тұратын 2 622 850 жай акцияларын орналастырды. Оның ішінде 2 396 156 акция КТК телеарнасының ірі акционері - коммерциялық емес ұйым болып табылатын «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры» Жеке қоры тарапынан сатып алынды. Мәміле КТК телеарнасын жаңғырту және дамыту мақсатында жасалды.

Оқырман қауымды жаңылыстырмау үшін әріптестерімізді болашақта ақпарат жариялағанда ресми ақпаратқа арқа сүйеуін және популистік тақырыптардан аулақ болуын сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде