Шымкент базарында аяқ киім корабында сақталған есірткі тәркіленді
Шымкент полицейлері қала тұрғынынан 22 келіге жуық марихуана тәркіледі.
17:10 03.05.2022
«Шымкенттің «Алаш» базарында полицейлер есірткіні заңсыз сақтау және өткізу күдігімен бір тұрғынды ұстады. Жеке тінту кезінде күдіктіден бір келі марихуана салынған аяқ киім қорабы тәркіленді. Оның пәтерін тінту кезінде балконнан дозалары бойынша марихуана салынған 2 полиэтилен пакет табылды. Жатын бөлмесінен де есірткісі бар екі жол сөмкесі алынды», - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек министрлік ұйымдастырған брифингте.
Алынған марихуананың жалпы салмағы - шамамен 22 келі. Күдікті Шымкент қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!