{metadescription}
Алматы маңындағы өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, сел жүруі мүмкін

Алматы маңындағы өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, сел жүруі мүмкін

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» РМК жариялаған ескертуге сәйкес Алматы қаласында 4 мамыр кешке және 5 мамыр түнде нөсер жаңбыр жауады. 4 мамыр танертең және күндіз, 5 мамыр тәулік бойы найзағай жарқылдайды. 5 мамыр бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан күшті жел соғады. Найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

«Сонымен қатар, таулы өңірлерде қатты жауын-шашын жауады деп болжанып отыр. Осыған байланысты 2022 жылдың 4-6 мамыр аралығында Алматы облысының және Алматы қаласының маңындағы таулы аудандарда тау баурайында сел жүруі мүмкін. Өзендерде су деңгейі көтеріледі. Абай болыңыздар!», - деп ескертеді төтенше жағдайлар департаменті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.