{metadescription}
Алматыда көліктен ер адамның мәйіті табылды
Алматыда көліктен мәйіт табылды. Марқұмның қасында болған ер адам ұсталды.
16:42 04.05.2022
Полицейлер «Айнабұлақ» ықшамауданында Toyota автокөлігінде табылған мәйіттен ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмағанын мәлімдеді.
«Марқұмның қасында болған 1989 жылы туған Б есімді ер адам ұсталды. Жанжалдасқан болуы мүмкін», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство өлімнің себебін сот-медициналық сараптама анықтайтынын атап өтті.
Дереккөз: Zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!