Футболдан Еуропа лигасы финалына шыққан командалар анықталды
Футболдан UEFA Еуропа лигасы финалына жолдама алған командалар анықталды.
10:39 06.05.2022
Аталған турнирдің жартылай финалының қарымта ойындары 5 мамыр күні өтті.
Алғашқы жұпта Шотландияның «Глазго Рейнджерс» және Германияның «РБ Лейпциг» командалары кездесті.
Кездесуде шотландиялық клуб 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші ойын германиялық команда 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
Нәтижесінде «Глазго Рейнджерс» енді финалға жолдама алды.
Екінші жұпта Германияның «Айнтрахт» командасы өз алаңында Англияның «Вест Хэм Юнайтед» клубын 1:0 есебімен сүріндірді.
Олар бірінші ойында сырт алаңда аталған қарсыласын 2:1 есебімен жеңген еді.
Екі ойынның нәтижесімен «Айнтрахт» финалға шықты.
Финал 18 мамырда Испанияның Севилья қаласының «Рамон Санчес Писхуан» стадионында өткізіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!