{metadescription}
Әйел сүйіктісінен жүкті болғысы келгені үшін 6 айға бас бостандығынан айырылған

Әйел сүйіктісінен жүкті болғысы келгені үшін 6 айға бас бостандығынан айырылған

Германияның Билефельд қаласында 39 жастағы жергілікті тұрғын алты айға бас бостандығынан айырылды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адам 42 жастағы сүйіктісімен әлеуметтік желіде танысқан. Олар міндеттемесіз жыныстық қатынасқа түсе жүрген. Бірақ әйел серіктесіне деген терең сезімін білдірген. Ал ер адам қарым-қатынасты қаламағандықтан әйел жүкті болу үмітімен оның мүшеқабын тесіп тастаған.

Нәтижесінде әйел ойлағанына жете алмады. Бірақ ол ер адамға жүктілік белгілері бар екенін жазған. Содан кейін ол контрацептивтерді құртып жібергенін мойындаған. Шындықты білген сүйіктісі полицияға барған. Кейінірек сот барысында неміс әйелі осылайша өзінің серіктесіне айла-шарғы жасамақ болғанын айтты.

Судья Астрид Салевски талапкердің жағына шығып, оқиғаны сексуалдық зорлық деп атады. Судья екі жағдайда да заңның бірдей сақталуы керектігін айтты.

Дереккөз: Stan.kz      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.