Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақмола облысында ит адам өлтірген күдіктіні ұстап берді
Ақмола облысында қызметтік иттің көмегімен полиция кісі өлтірген күдіктіні дереу ұстады.
18:47 07.05.2022
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 мамыр сағат 17:45 шамасында Целиноград аудандық ПБ кезекші бөлімшесіне Талапкер ауылында ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түседі. Үй маңынан табылған 26 жастағы жігіттің кеудесінің сол жақ тұсына пышақ сұғылған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының құрамында кинолог та жіберіледі.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Альфа» атты қызметтік иттің көмегімен 19 жастағы жергілікті тұрғын - жәбірленушінің туысы күдікті ретінде ұсталды. Ол уақытша оқшаулағышқа қамалып, үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша іс қозғалды», - деді ведомстводан.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram