{metadescription}
Елордада жолаушылар автобусы көше шамы бағанына соғылды

Елордада жолаушылар автобусы көше шамы бағанына соғылды

Елордада №28 бағытта қатынайтын жолаушылар автобусы көше шамы бағанына соғылды.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Осы жайтқа қатысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті де ресми мәлімет берді.

«7 мамырда Керей-Жәнібек хандар мен Ақмешіт көшесінің қиылысында автобустың жүргізушісі бағдаршамның тыйым салған белгісіне қарамастан қиылысты кесіп өтіп, көше шамының бағанына соғылған», - деп атап өтеді ведомстводан.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, адамдар аман. Қоғамдық көлік жүргізушісінің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылған.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті елорда жүргізушілерін барынша қырағылық танытып, жол жүрісі ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде