Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Павлодарда балаға қол көтерген тәрбиеші жұмыстан босатылды
Павлодар қаласындағы №93 балабақша тәрбиешісі бүдіршінге қол көтергені, яғни баланың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқаулықты бұзғаны үшін жұмыстан босатылды.
19:47 08.05.2022
Павлодар қаласының білім бөлімі аталған факті бойынша қызметтік тергеу жұмыстарын жүргізген.
«Балабақша басшысы Ж. Абеевадан және ерте «Ә» тобының тәрбиешісі Б. Арыкбановадан түсініктемелер алынды. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқаулықты бұзғаны үшін топ тәрбиешісі Б. Арыкбановамен 2022 жылғы 6 мамырдан бастап еңбек шарты бұзылды. Мекеме басшысы Ж. Абееваға сөгіс түрінде тәртіптік жаза шығарылып, балабақша қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындауын бақылауды күшейтуге, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге нұсқау берілді», - деп мәлім етті білім бөлімінен.
Сондай-ақ, балабақша әкімшілігі тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі нұсқаулықты сақтау мәселесі бойынша кезектен тыс нұсқама өткізген.
Сайт таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл жайт туралы әлеуметтік желіде айтыскер ақын Аспанбек Шұғатаев пост жазып, видео жариялаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram