Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Головкиннің келесі қарсыласы кім болатыны айтылды
Мексикалық боксшы Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) үшін ең көп табыс түсіретін боксшы болады.
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
17:02 09.05.2022
Мұндай пікірді J Calderon Boxing Talk YouTube арнасының авторы айтты, деп хабарлайды Vesti.kz. Маманның пікірінше, Мунгия Головкиннің келесі қарсыласы болуы мүмкін деген боксшылардың арасында көш бастап тұр. Негізі отандасымыз келесі кездесуін Сауль Канело Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы өткізуі керек болатын. Бірақ мексикалық соңғы кездесуінде Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО) ұтылып, жоспардың астаң-кестеңін шығарды. Енді Канело қыркүйек айында ресейлік боксшыға қарсы екінші кездесу өткізуге ниетті.
"Енді қыркүйек айында Канеломен ұйымдастыру мүмкін емес. Сондықтан дәл қазір Головкинге тек Мунгия ғана көп ақша алып келе алады. Қарап тұрыңыздар, Головкиннің келесі қарсыласы Мунгия болады. Бұл кездесe орта салмақта өтіп, WBA және IBF белбеулері сарапқа салынады", - деді J Calderon Boxing Talk арнасының авторы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram