{metadescription}
8-қабаттан қызды қағып алған ер адам марапатталды

8-қабаттан қызды қағып алған ер адам марапатталды

Астанада 8-ші қабаттағы терезеден салбырап тұрған баланы құтқарып қалған Шонтақбаев Сәбит «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

«ТЖ бірінші вице-министрі генерал-лейтенант Күлшімбаев Ибрагим батыр азамат Шонтақбаев Сәбитті «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Ол елордада баланы терезеден құлаудан құтқарды», - делінген хабарламада.

Мәліметке сай, 11 мамыр күні сағат 10:21-де «Ұлы Дала көшесі, 27/1» мекенжайындағы үйдің 8-қабатындағы терезеде баланың ілініп тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Шақырту орнына жеке құрамнан 7 адам және 2 бірлік техникадан тұратын Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бөлімшелері жедел жіберілген.

Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде сегізінші қабаттағы балконның карнизіне ілінген баланы ер адам құтқарғаны анықталды.

«2019 жылы туған қыз бала құлаған кезде үйде баланың жанында ешкім болмаған. Қуантарлығы, біздің кейіпкеріміз 1985 жылы туған Шонтақбаев Сәбит жылап тұрған баланы көріп, ойланбастан өз өміріне қауіп төндіре отырып, санаулы секундтарда кішкентай қыздың өмірін сақтап қалды.

Құрметті ата-аналар, бұл бала аман-есен құтқарылған сәтті оқиға, бірақ қайғылы нәтиже беретін көптеген фактілер бар.

Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Егер үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыздар!», - деп түйінделген ТЖМ хабарламасы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.