Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркістан облысында бір жасар бала дәретханаға құлап кетті
Түркістан облысында бір жасар бала тереңдігі төрт метр болатын дәретханаға құлап кеткен.
19:04 12.05.2022
Өңірдің құтқарушылары сәбиді дер кезінде құтқарып қалды. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Қазығұрт елдімекеніндегі үйлердің бірінде болған. Дәретханаға түсіп кеткен баланы өздігінен шығара алмаған тұрғындар «112» қызметіне хабарласып, құтқарушыларды көмекке шақыртқан.
«Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 5 құтқарушысы мен медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері, полиция департаментінің 2 қызметкері келген. Құтқарушылар сағат 15:03-те шұңқырға құлап кеткен баланы құтқару арқанының көмегімен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Бала дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram