Екі жігіт Алматы зообағындағы жолбарысты ызаландырды
Алматыда екі жігіт тақтайшаларда жазылған ескертулерді елеместен, техникалық аумаққа қоршаулардан аттап кіріп, тордағы жолбарысты ызаландырды.
13:40 14.05.2022
Бұл туралы хайуанаттар бағының әкімшілігі әлеуметтік желі арқылы мәлім етті.
«Өкінішке қарай, қауіпсіздік қызметкерлері хайуанаттар бағының әр бұрышында тұра алмайды. Өйткені, зообақ аумағы үлкен - 21 га. Біз жануарларға осындай дөрекі іс-әрекеттер жасалғанын қаламаймыз. Қазіргі уақытта осы мәселе жан-жақты қарастырылып жатыр. Кінәлілер міндетті түрде жазасын алады», - делінген хайуанаттар бағының Instagram парақшасында.
Олар жыртқышқа әлдебір заттарды лақтырып, мазасын алып, зообаққа келуші басқа адамдарды балағаттаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!