Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Лай көшкінінде жоғалған 5 жасар баланың мәйіті табылды
Текелідегі лай көшкінінде жоғалған бес жастағы баланың мәйіті табылды.
19:45 15.05.2022
Бұл жөнінде Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел фейсбук парақшасында жазды.
«Бес жасар қыздың мәйіті табылды. Шапағатшы болсын!», - деп жазды ол.
Бұл ақппаратты Алматы облысы төтенше жағдай департаменті де растады.
«15 мамыр күні сағат 18.15-те қызметтік иттің көмегімен Текелі қаласында лай көшкіні кезінде қаза тапқан 2016 жылы туған қыз баланың денесі бұзылған үйінді астынан табылды», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, бүгін түскі сағат 13:00 шамасында Текелідегі Қонаев көшесінде лай көшкіні жүріп, бес жастағы қыз бала жоғалып кеткен. Оны іздеуге екі жүздей адам жұмылдырылды. Текелі қаласындағы лай көшкінінің алдын ала ұзындығы 50 метр , ені 25 метр , биіктігі 3,5 метр , көлемі 4375 текше метр.
Көшкіннен жеке тұрғын үй қирады, бір үй балшықтың астында қалды, тұрғын үйлердің тағы төртеуінің ауласын ішінара лай көшкіні шайып кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram