{metadescription}
16 мамыр күнгі ауа райы болжамы

16 мамыр күнгі ауа райы болжамы

16 мамырда солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, онымен найзағай, жаңбыр, солтүстік-батыста қатты жаңбыр күтіледі.

Тек елдің оңтүстігі мен орталығында антициклон жотасы ашық ауа райын қалыптастырады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста дауыл, бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік-батыста, шығыста тұман сақталады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 25 м/с күшейеді. Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай болжанады. Найзағай кезінде желдің күші 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында 24-29 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с артады. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. 

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Өңірдің шығысында, солтүстігінде желдің күші 15-20 м/с артады. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. 

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ, 15-20 м/с екпінде жел болады. 

Күндіз Маңғыстау облысының батысында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде жел 15-20 м/с артады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, тұман болжанады. Желдің күші 15-20 м/с жетеді. 

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады. 

Батыс Қазақстан облысында найзағай, 15-20 м/с кекпінде жел болжанады. 

Түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қарағанды облысының батысында желді күші 15-20 м/с жетеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.