Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қарағанды облысында үш жігіт суға батып кетті
Қарағанды облысында 21, 19 және 15 жастағы үш жігіт суға кетті.
17:54 16.05.2022
14 мамыр сағат 12:00-де диспетчер пультіне Қошқар ауылынан оңтүстікке қарай 3 шақырым жерде Құсақ ауылдық округінде 2001 жылы туған жас жігіт пен 2007 жылы туған жасөспірім жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
«Іздеу жұмысына 86 адам, 29 техника және 2 жүзу құралы жұмылдырылды. Сағат 12:35-те жергілікті тұрғындар 2001 жылы туған марқұмның денесін өзеннен тауып алды. Қаза тапқан екінші адамның мәйітін құтқарушылар 17:55-те 6 метр тереңдіктен алып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Тағы бір қайғылы оқиға Жезқазған қаласында Кеңгір су қоймасында болды.
«Спутник» саяжайы аумағында құтқарушылар судан 2003 жылы туған жас жігіттің денесін алып шықты.
Қарағанды облысының ТЖ департаменті өңір тұрғындарына шомылу маусымы әлі басталмағанын ескертеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram