{metadescription}
Алматы маңында 8 орманды алқап пен 144 парк кенеге қарсы өңделеді

Алматы маңында 8 орманды алқап пен 144 парк кенеге қарсы өңделеді

Алматы қаласында 16 мамырдан бастап жалпы ауданы 2424,54 га аумақта кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмысының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңдеу жұмыстарымен 8 орманды алқап (1904,924 га) және 144 қала саябағы мен сквері (519,616 га) қамтылады. 

Ол ауа райына байланысты кестеге сәйкес 16 мамырдан 10 маусымға дейін жүргізіледі. 

Дезинсекциялық іс-шараны қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандарының бақылауымен «Алматы қаласының дезинфекция орталығы» филиалы атқарады. Жасақталған дезбригадалар қажетті құралдармен, көлікпен және жеке бас қорғаныш заттарымен жабдықталған. 

«Кене энцефалитіне қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін «Фаворит» акарицидтік препараты қолданылады. Препарат аз уытты және қауіпті емес санатқа жатады (3-4 топ). Кенемен күреске ең аз доза қолданылады және ол адамдар мен жануарларға қауіпсіз. Өңдеу жұмыстары таңғы уақытта жүргізіледі. Өңделетін аумақтардың шекарасында ескерту белгілері орнатылады», - делінеді ведомство хабарламасында. 

Дезинсекциялық өңдеуге байланысты қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қала қонақтары мен тұрғындарын сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Акарицидты препараттың ерітіндісін денеге немесе киімге тигізіп алмас үшін кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерден қашықтау жүру керек;

- жерге шашыраған препарат кепкенге дейін үй жануарларын өңдеу жүргізілген жерге жібермеу керек;

- өңдеу жұмыстары жүргізілген жерден 40 күн бойы саңырауқұлақ, шөп немесе жидек жинауға және пайдалануға болмайды;

- қала тұрғындары мен қонақтары кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілген кезде және одан кейін үш күн ішінде қала саябақтары мен скверлерге, табиғи ошақтарға бармауы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.