{metadescription}
БҚО-да 2 жасар қыздың үстіне теледидар құлап кеткен

БҚО-да 2 жасар қыздың үстіне теледидар құлап кеткен

Батыс Қазақстан облысында үстіне теледидар құлаған 2 жасар қыз бала есін жиды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қазіргі кезде облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатқан қыз жансақтау бөлімінен анасының қасына көшірілді.

«Екі жасар қыз баланың жағдайы әлі де ауыр, бірақ тұрақты. Дәрігерлер әзірге ота жасаудың қажеті жоқ деп отыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, оқиға Бәйтерек ауданы Переметный ауылындағы аудандық ауруханада болды. Осында емделген қыз бала әкесі екеуі аталмыш ауруханаға анықтама алу үшін келгенде, үстіне теледидар құлап кетіп, оқыс оқиғаға душар болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде