{metadescription}
Терроризм актісі туралы жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін сотталады

Терроризм актісі туралы жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін сотталады

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының полиция органдарын, оның ішінде арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырудың 120-дан астам дерегі тіркелді.

Жауапты ведомствоның мәліметінше, барлық фактілер бойынша құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 438-бабына сәйкес 30 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Сонымен қатар, полиция қызметкерлері терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалардың 9 дерегін тіркеді. Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады. Мәселен, 102 арнасына елордалық мектептердің біріне жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы хат түсті. Осындай хабарлар басқа білім мекемелеріне қатысты да келді. Полиция департаменті мамандары тексеру жүргізгенімен, ақпарат расталмады. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ», - деп жазды департаменттен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өкініштісі, мұндай құқық бұзушылықтар елеулі қоғамдық резонанс тудырады. Көбінесе жалған хабарларды мас күйіндегі ересектер немесе кәмелетке толмағандар қасақана таратады.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті көрінеу жалған хабарлама үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершіліктің қарастырылғанын ескертеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.