{metadescription}
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет Қазақстандағы 26, 27 және 28 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Екатеринбург аймағынан шыққан Циклон, республика аумағы бойынша солтүстік-шығысқа қарай жылжуын жалғастырады және елдің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында тұрақсыз ауа райын сақтайды. Солайша жаңбыр жауады: 26 мамырда солтүстік-батыста, 27-28 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста, 28 мамырда орталықта, сонымен қатар бұл аймақта найзағай мен желдің күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін. Содан кейін солтүстік-батыс антициклонның басып кіруіне байланысты, батыста жауын-шашынның тоқтауы, қалған аумақтарда ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

26 мамырда түнде және таңертең батыста, 27-28 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.