Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жігіт танысудан бас тартқан қызды соққыға жықты
Бішкекте өзімен таныспаған қызды ұрып-соққан ер адам ұсталды.
Фото: @Sputnik_Kyrgyzstan телеграм арнасы
16:24 31.05.2022
Күдікті 28 мамырда полицияға жеткізілген. Бірақ келу міндеттемесімен босатылған. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Тұрғындар күдіктінің босатылғанына наразы болды. Кейін ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде жәбірленуші болған оқиға туралы айтып берді. Ол караоке-барда достарымен кездескеннен кейін үйіне бара жатқанда банкоматтан ақша алған. Ер адам жанына келіп, таныспақ болған. Қыз бас тартқан, ол артқа бұрылған кезде жігіт оны бір ұрған. Ол тіпті өлтіремін деп қорқытқан. Такси жүргізушісі жүгіріп барып жігітті сабасына түсірген. Кейін қызды үйіне жеткізіп салған.
Жәбірленуші қоғамдық резонанс болып, ер адам жауапкершіліктен құтыла алмайды деп үміттенеді.
Дереккөз:Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram