{metadescription}
ШҚО-да түрме қызметкерлері отырған көлік аударылып, 1 адам қаза болды

ШҚО-да түрме қызметкерлері отырған көлік аударылып, 1 адам қаза болды

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында түрме қызметкерлері отырған көлік аударылып, 1 адам көз жұмды.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Шемонаиха ауданының орталығындағы Вокзальная көшесінде орналасқан жанармай құю бекетінің маңында Toyota автокөлігі жыраға құлап, аударылып қалған. Оның ішінде Половинка ауылындағы ОВ 156/6 мекемесінің төрт қызметкері болған.

«Мекеме қызметкерлері жұмыстан тыс уақытта жол апатына ұшырады. Жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан артқы орындықтағы 31 жастағы жолаушы қаза болды. Жарақат алған үш адам Шемонаиха орталық аудандық ауруханасына жеткізілді», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр. Департамент басшылығы мен ұжымы, Қылмыстық-атқару жүйесі ардагерлер кеңесі марқұмның отбасының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде