{metadescription}
Алматыда автобус үш жаяу жүргіншіні қағып кетті

Алматыда автобус үш жаяу жүргіншіні қағып кетті

Алматыда автобус жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп бара жатқан үш жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«30 мамырда сағат 17:56 шамасында Сүйінбай көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан автобус жүргізушісі 117-үйдің маңында шығыс бағытта жолдың белгіленбеген жерінен кесіп өтіп бара жатқан үш жаяу жүргіншіні қағып кетті», - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

«Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді Алматы қалалық тергеу басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Дереккөз: Zakon.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.