Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғалары жемқорлық фактісі бойынша тергеліп жатыр
Антикор мемлекеттік кәсіпорын ғимаратын төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісін тергеп жатыр.
19:06 01.07.2022
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу бастады.
Олар Алматы қаласындағы Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің ведомстволық бағынысты ғимаратын мемлекет мүддесіне ауыр зардаптарға әкеп соққан үлестес заңды тұлғаның пайдасына төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісі бойынша айыпталып отыр.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram