Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әлемде коронавирустан көз жұму дерегі 2020 жылдың деңгейімен қайта теңесті
Маусым айында Еуропада коронавирус жұқтырғандар саны үш есе өсті.
20:38 01.07.2022
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клуге мәлім етті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
«ДДҰ осы жазда Еуропа елдерінде COVID-19 өршиді деген болжам жасап отыр. Ұйымның мәліметінше, қазір Еуропалық аймақтың 53 елінде күн сайын 500 мыңға жуық коронавирус инфекциясы тіркеліп отыр. Тәуліктік өлім-жітім 2020 жылдың жазындағы деңгейде – күніне 500-ге жуық адам қайтыс болады», - делінген ВАК мәлімдемесінде.
Сондай-ақ, ДДҰ COVID-19 індетінің алдын алу мақсатында уақтылы вакцина алуға және қоғамдық орындарда бетперде тағуға, ал аурудың белгілері бар адамдарды оқшаулануға шақырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram