Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті жабық
Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы «Даут-ата» - «Тәжен» өткізу пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды.
17:34 02.07.2022
Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.
«1 шілдеден бастап өзбек әріптестерден келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы «Даут-ата» - «Тәжен» (автомобильдік) өткізу пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды. Осы ақпарат бойынша «Қарақалпақия» – «Бейнеу» бағытында теміржол қатынасы тоқтатыла тұруы мүмкін. Осыған байланысты аталған өткізу пунктері арқылы мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтар өз маршруттарын алдын ала жоспарлауын сұраймыз. Өзбек тарапы өткізу пунктерінің жұмысын қайта бастағаны туралы қосымша хабарлайтын боламыз», - делінген ҰҚК баспасөз мәлімдемесінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram