{metadescription}
Футболдан ел біріншілігінде «Астана» көш басына шықты

Футболдан ел біріншілігінде «Астана» көш басына шықты

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-турының үшінші ойын күні өтті.

Бұл күні елордалық «Астана» өз алаңында Түркістан облысының «Мақтаарал» командасын қабылдады. «Астана» коомандасынан Марин Томасов 61, 74, 75-минуттарда хет-трик авторы атанса, 89-минутта Сұлтан Сағынаев ойынның нүктесін қойды. Осылайша елордалық клуб қарсыласын 4:0 есебімен тізе бүктірді. 

Нәтижесінде «Астана» қайтадан турнир кестесінде көш басына көтерілді. 

Алматыда «Қайрат» Оралдың «Ақжайығынан» 2:0 есебімен басым түссе, тағы бір кездесуде Павлодар облысының «Ақсуы» Петропавлдың «Қызылжарын» 1:0 есебімен сүріндірді. 

Айта кетсек, Қостанайдың «Тобылы» Түркістанда «Тұранмен» 2:2 , «Атырау» мен «Тараз» 0:0 есебімен тең түсті. 

Ал «Ақтөбе» сырт алаңда Қарағандының «Шахтерін» 3:2 есебімен жеңді. 

Енді 4 шілдеде «Ордабасы» мен «Каспий» командалары кездеседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде