Талдықорғанда жаңа туған сәбидің денесі қоқыстан табылды
Бүгін таңғы сағат 8:00 шамасында Талдықорғанда қоқыстан жаңа туған сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10:35 04.07.2022
Куәгердің сөзінше, сәбидің кіндігі кесілмеген.
«Қоқыс төгуге шыққанмын. Қарасам ақ орамалға оралған бала жатыр. Кіндігі кесілмеген. Жолдасымен қоса жатыр. Бала өліп қалған. Шамамен мерзімінен бұрын (7-8 айлық) туған ба деп ойлаймын, кішкентай бала екен», - деді куәгер.
Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Әзірге баланы қоқысқа кімнің тастап кеткені белгісіз.
Айта кетейік, шақалақтың денесі Талдықорғандағы 7 шағын аудандағы 17 үйдің қоқыс төгетін жәшігінен табылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!