{metadescription}
Көшкіннен қаза тапқандар саны артты

Көшкіннен қаза тапқандар саны артты

Үндістанның Манипур штатында болған көшкіннен қаза тапқандар саны 42 адамға жетті. 

Табиғат апатынан көз жұмғандардың 27-сі әскери қызметкері және 15-і бейбіт тұрғын болған. Нони аймағында теміржол құрылыс алаңындағы көшкіннен қаза тапқандар саны артты. Жексенбі күні үйінді астынан тағы сегіз адамның мәйіті табылды. Сенбіден бері жауған нөсер жауын мен жаңа көшкін іздестіру жұмыстарына кедергі келтіргендіктен 20 адам әлі табылмай жатыр. Аумақтық армияның 13 қызметкері мен бес бейбіт тұрғын құтқарылды. 

Бірнеше апта бойы толассыз жауған жаңбыр салдарынан Үндістанның солтүстік-шығысында көшкін болып, кем дегенде 14 адам қаза тапты және 30-дан астамы із-түзсіз жоғалғаны туралы бұған дейін хабарланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.