{metadescription}
Қарақалпақстандағы тәртіпсіздіктер салдарынан 18 адам көз жұмды

Қарақалпақстандағы тәртіпсіздіктер салдарынан 18 адам көз жұмды

1-2 шілдеде Қарақалпақстан Республикасының астанасы Нүкіс қаласында болған тәртіпсіздіктер салдарынан 18 адам қаза тапты.

Бұл туралы Өзбекстанның бас прокуратурасының бөлім прокуроры Аброр Маматов мәлімдеді.

Ресми мәлімет бойынша, алған жарақатынан 18 адам қаза тапқан. 243 адам зардап шекті, оның 38-і құқық қорғау органының қызметкері. 

Бас прокуратура мәліметінше, 2 шілдеде сағат 14.45-те Нүкіс қаласына 300-ге жуық адам кіріп, Ұлттық гвардияның 50 қызметкерінің арнайы құралдарын тартып алған. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жалғастырып жатыр.

3 шілдеден бастап Қарақалпақстанда коменданттық сағат енгізілді. Патрульдеу барысында 58 адам ұсталған. Оның ішінде 28 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Қалғандарымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Еске салайық, 1 шілдеде Нүкіс қаласында Өзбекстан конституциясына түзетулер енгізуге қарсы жаппай шерулер өтті. Халық Қарақалпақстанды тәуелсіздік алу мүмкіндігінен айыратын өзгерісті қаламайтынын жеткізді. Оның соңы тәртіпсіздікке ұласты, полиция және қауіпсіздік күштерімен қақтығыс болып, қару қолданылған.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 3 шілдеден 2 тамызға дейін Қарақалпақстанда төтенше жағдай жариялап, коменданттық сағат енгізді.

 

 

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде