{metadescription}
Әскери гарнизондарда 825 миллион теңгенің мүлкі ұрланған

Әскери гарнизондарда 825 миллион теңгенің мүлкі ұрланған

Әскери прокуратура мамандары Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды қадағалаушы органның ресми сайтын.

«Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 млн теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды», - деп жазды ведомство.

Тергеу жүргізуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады. Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде