{metadescription}
Жолаушылар автобусы шатқалға құлап, 16 адам қаза тапты

Жолаушылар автобусы шатқалға құлап, 16 адам қаза тапты

Үндістанның солтүстігінде жолаушылар автобусы терең шатқалға құлап, 16 адам қаза тапты.

Оқиға Үндістанның Химачал-Прадеш штатындағы Куллу округінде болды. Ауыр зардап шеккендерге көмек көрсетіліп, олар ауруханаға жеткізілді. Жергілікті биліктің мәліметінше, автобуста 20-ға жуық жолаушы болған. Жол апатының нақты себебі белгісіз.

Жалпы Үндістанда көлікті абайсыз жүргізу, нашар жолдар және ескірген көліктердің салдарынан адам өлімімен аяқталатын жол-көлік оқиғалары жиі болады. Полицияның мәліметінше, жыл сайын Үндістанда жол-көлік оқиғаларынан 110 мыңнан астам адам көз жұмады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде